Вы здесь: HomeБілім және ғылымМұғалім – мәңгілік нұрдың қызметшісі

Мұғалім – мәңгілік нұрдың қызметшісі

02 Октябрь 2018

Ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» тақырыбындағы аудандық шара жаңа мәдениет үйінде сән-салтанатымен аталып өтті.

 

Мерекелік шара шымылдығы бейнебаян арқылы «Қазақстан» ұлттық телеарнасы жүргізшісінің аудан ұстаздарын мерекелерімен құттықтап, сөз тізгінін кеш жүргізушілеріне берілуімен түрілген соң, аудан әкімі Серік Арыстан мінберге көтеріліп, барша білім саласы қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.      

Салтанатты шарада шәкірт жолында талмай еңбек етіп келе жатқан Махамбет атындағы орта мектептің тарих пәні мұғаліміҚоныс Жаналисов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, ал Асылай Қоңқашова (М.Әуезов), Рима Даулетова (Бөдене о/м), Амангелді Мұратов (Аққала о/м), Гүлзура Ержанова (Ш.Уәлиханов о/м) облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал Мейрамгүл Құспанова («Райхан» балабақшасының тәрбиешісі), Нұржамал Рахметуллина (Қ.Абаханов о/м), Абзал Тасимов (Бөдене о/м), Жапырақ Тұрымбетова (М.Сиранов о/м) облыстық білім беру басқармасының, Айжан Өтеулиева (Б.Нысанбаев о/м), Зәнзия Мекеева (Ш.Уәлиханов о/м), Жанар Саумекова (Қ.Абаханов о/м) аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 4.10.18 ж. №40 (8191) санынан оқи аласыздар.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru