Вы здесь: HomeАудан тынысыАуданда жаңа орталық ашылды

Ауданда жаңа орталық ашылды

Бөлімі: Аудан тынысы
08 Февраль 2019

Жастар жылына орай ауданда жастар коворкинг орталығы ашылды. Жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі қатысып, орталықтың жұмысымен жан-жақты танысты.

 Бұл күнгі жастар бас қосқан жиында облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы жастарға қажетті кеңестер айтып, жастар орталығына берілген ғимаратты игілікке пайдалануға шақырды.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - халықтың білімге деген құштарлығын арттыру болып табылады. Осы орайда, орталық тегін интернет желісімен қамтылып, кітаптар жүйесі де енгізілген. Сонымен қатар спорттық аймақта, үстел теннисі, үстел футболы, шахмат ойнауға мүмкіндіктер жасалған.

Аудандық жастар ресурстық орталығыны маманы Ж.Нариманова: «Коворкинг орталықтың ашылуы аудан жастары үшін елеулі оқиға болды. Бұрын жастардың көбінің өз идеяларын талқылап, жүзеге асыру үшін бас қосатын тұрақты орны жоқ еді. Енді шартты түрде түрлі аймаққа бөлінген орталыққа келушілер өзі қалаған форматта жұмыс істей алады. Барлық аудан жастарын орталыққа келіп, ой бөлісуге шақырамын»,-дейді.

Өз тілшіміз.

Суреттер Р.Қойлыбаевтікі

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru