Вы здесь: HomeАудан тынысыАуғанның асуында от кешкендер

Ауғанның асуында от кешкендер

Бөлімі: Аудан тынысы
08 Февраль 2019

Осындай тақырыпта аудандық орталық кітапханада Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай тарихи кеш өтті.

 Отан алдындағы интернеционалдық борышын өтеген Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін үлгі ету, Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін жастардың түсінігіне жеткізу, Ауған соғысында қаза болған боздақтар рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу мақсатындағы шараға ауған соғысы ардагерлері мен «Көктем» қазақ орта мектебінің оқушылары қатысты.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына ұйымдастырылған кеште ауғанда соғысы ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, жастардың бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. Сондай-ақ оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Ауғанстан жеріндегі соғыс қимылдары жайында әңгімелеп берді.

Толығырақ газетіміздің 14 ақпандағы №7 санынан оқи аласыздар

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru