Вы здесь: HomeАудан тынысыШабдалыдан қазақтың шамын көресің

Шабдалыдан қазақтың шамын көресің

Бөлімі: Аудан тынысы
11 Январь 2019

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабектің идеясымен жүзеге асып, Жандос Құсайынның қоюшы режиссерлігімен бүгінгі көрерменнің көзайымы болған «Шабдалы» деп аталатын көркем фильмі ұлттық салт-дәстүрді және Оңтүстік өңірлерде сақталған қазақи құндылықтарды дәріптейтін ел ішінде ауызбіршілікті нығайтуды мақсат етеді.

Сондай-ақ, шаңырақ шаттығын еселеп, отбасылық институтты нығайтады. Жалпы кинода анасының рөлін сомдаған Шолпан Елгезекова үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлай білетін, өзін сыйлата білетін ортасына сыйлы адам. Ал кино жайында қысқаша тоқталып өтсем, заңгер болуды армандаған астаналық жоғары оқу орнының студенті оқу бітірген соң анасына ескертпей, Түркістан облысы Жетісайдың азаматына тұрмысқа шығады. Жалғыс перзентінің «Әкесі секілді прокурор немесе сот болады» деп, дипломын алғалы жұмыс қарастырып жүрген байғұс ана есінен танып қалады. Содан өзіне-өзі келген соң: «Бұлар менің қызымның басын айналдырып, алып қашқан ғой! Көресісін көрсетейін оларға!» деп асығыстық танытып, тұла бойы тұңғышы үшін Шымкентке аттанған ана «адам ұрлауға қатынасты» деген айыппен өзі қылмысты бола жаздайды. Содан ақталып шығып, қызын алып қашқан жігіттің ауылына ат басын бұрады. Бірақ байғұс анаға ол үйге де жету оңайға соқпайды, жолай небір қиындыққа тап болып, тіршіліктің тынысын танып, қиындығына төзе жүріп, Оңтүстік өңірдегі салт-дәстүрді көріп, жүрек түкпіріндегі арман-мақсатымен үйлесе кеткенін сезінеді. Бір түйір бойжеткені үшін от пен суға түсуге бел байлаған ана қызын алып қашқан шаңыраққа жетіп, онда қолынан келгеннің барлығын жасап, қызын үйге қайтарудың амалын жасаған мен де ақырында «мен мұнда өз еркіммен келдім, бұл үй – өзім қалаған азаматтың отауы» дейтін қызының сыры байғұс әйелдің көзқарасын өзгертіп, көзін аша түседі.

Міне, әйтеуір жеткенге дейін комедияға әбден күліп, жеткеннен кейінгі драма сәтінде сілтідей тынып, оқиғаның әрі қарайғы өрбуін кірпік қақпай тамашалауға мәжбүр болып қаласыз. Жалпы «Шабдалы» фильмінің айтар ойы білгенге берері мол. Ендеше, жанға жағымды, өмірдің өзіндей ғана көркем фильм таң шығындай мөлдірлігімен жүрекке жылы тиеді. Тағылымы татымды, көпке өнеге.

Өкінішке орай, басты рөлді, яғни, ана рөлін сомдаған актриса Шолпан Елгезекова жақында ғана жантүршігерлік жол апатынан мерт болып, мәңгілік сапарға аттанды. Ол «Жараланған жүректер», «Айман-Шолпан» секілді киноларда басты рөлдерде ойнады. Ал қалай дегенменде «Шабдалы» көркем фильмі арқылы Шолпан есімі қазақстандықтардың жадында мәңгілікке сақталмақ. Бесіктен белі шықпай жатқан бүлдіршіндерімізді телефонға телміртіп шетелдің киноларын көрсеткенше, өзіміздің отандық кинолардың көрермені болуға баулығаныңыз жөн. Ал ол енді өзіңідің талғамыңызда ойлы оқырман.

Өз тілшіміз

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru