Вы здесь: HomeАудан тынысыКөкжалды атып алыпты

Көкжалды атып алыпты

Бөлімі: Аудан тынысы
11 Январь 2019

Қазіргі заманауи қарулар мен техникалардың дамыған кезеңі болса да даланың түз тағысы қасқыр мен шибөрілердің бәрі бірдей алдырта бермейді.

 

Дала төсінде отырған малшылар әлі күнге дейін ит-құстың өз несебесін алып отыратындығын алға тартады. Олардың қысты күндері ашығып құтырғандары ауыл-аймақты айтпағанда, халқы көп аудан орталығының өзіне кіріп кетіп, адам талаған оқиғалары кездесіп жүргеніне куәміз. Кенттің «Барлаушы» жағындағы шеткі үйдің ауласына кіріп кетіп, тұрғындары соғып алғандарын газетке де жазғанбыз. Бірінде кенттің подстанса жағында тұратын әуесқой аңшы Серік Дүйсебалиевқа көршілері үй маңына қасқыр көргенін айтып келеді. Алғашқыда Сәкең бұған сеніңкіремейді. Ақыры із кесіп шықса ауыл маңын торуылдап жүрген үлкен көкжалға тап келіп, абырой болғанда атып алыпты.

Жалпы мұндай оқиғалардың ауыл-аймақта кездесіп тұратыны белгілі. Төрт түлік малға қатер төндіретін түз тағысына әуесқой аңшылармен арнайы жорық ұйымдастырылып отырады екен. Мысалы, өткен желтоқсан айында Орал мен Атырау қалаларынан барлығы 50-дің үстінде әуесқой аңшылардың қатысуымен қасқыр аулауға жорыққа шығып, 8 қаңтарда 3 қасқыр, 17 қаңтарда 2 көкжал қасқырды қанжығаға байлапты.

-Жорық кезінде аңшылардың қауіпсіздігі басты назарда болады. Әрі жергілікті әкімшілікке хабардар етіліп, полиция өкілдері бірге қатысты. Ал аңшыларға аңға астамшылық жасауға, қорлауына жол берілмейді, - деді салалық мекеменің қорықшысы Б.Жұмағалиев.

Саламат Б.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru