Вы здесь: HomeАудан тынысыБір әкенің тәрбиесін жүз мектепте бере алмайды

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектепте бере алмайды

Бөлімі: Аудан тынысы
11 Январь 2019

Атақты Бауыржан Момышұлы: «Менің арым ары еді ғой алаштың, Арым үшін ажалменен таластым.

Өзімдей бол, бола алмасаң, құлыным. Деп мақтанба Бауыржанның ұлымын» деп айтқан екен. Сол секілді мектепте әдебиеттен шығарма жазғанымда 2-3 беттен артық жазбайтын мен әкемнен алған тәрбиемді, оның бедел-биігін айтпасам, азаматтығыма сын болар деп қолыма қалам алдым. Еңбек жолымның басталғанына аз уақыт болса да, әкеден алған тәрбиемді іске асыруға тура келген жайлар жиі кездесті. Мен бір үйдегі бір ғана ер бала болған соң әкем мен анам басқа апаларыма қарағанда қастарына көбірек ертіп жүрді. Соның арқасында әкем де мен талай жақсы әңгіме, ата - анама жасалған құрметті көріп өстім.

Ең алдымен 4-5 жасымнан бастап әкем балық аулауға ертіп баратын. Ауылдың жанында «Қара су» деп аталатын екі көл болатын. Жайық тасыған кезде сол «қара суға» су құйылып, балықтың неше түрі өсуіне мүмкіндік туады. Әкем қармақты қандай балыққа салатынын, әр балықтың өзінің жемі болатынын асықпай түсіндіріп айтады. 6 -7 жасқа келгенде ауылдағы бір үлкен шаруа-мал бағу. Оны «қой кезек» деп атайды. Үйдегі он шақты қойымызды кезекпен бағамыз. Кезекті айтып отыратын арнайы адам болады, оны «қой кезектің бастығы» деп атайды. Ол мен есім білген кезде өз мұғалімім Мәжит аға болды.

Екі - үш күн бұрын қойды қай күні бағатынымызды хабарлайды. Ол күнді асыға күтемін. Себебі даланың өз қызықтары бар. Ең кереметі әкем машина айдатады. Тамақ алып шығамыз, мен баламын ғой, 1-2 сағат өткесін-ақ «тамақ ішейік» деп қыңқылдай бастаймын. Сосын менің көңілімді аулайын деп ол машина айдауға рұқсат береді.

Ауылда тәртіп қатал, қойды түске әкелмейді. Содан түс мезгілінде от жағып, далада шай қайнатамыз.Төсеніш жайып, тамақтанамыз, ой, далада ішкен шай қандай, тамақ та тәп-тәтті. Өйткені, ауылдағы әже-апалардың бәрі де дәмді тағамды тек қой кезекке баратындарға даярлап береді, меніңше. Шай үстінде әкеме:-Анау жылқылар неге суда тұр? -Себебі, суға ыссы күндері салқындау үшін түседі. Ал айқасып тұратыны бірінің үстіне қонған шыбын-шіркейді құйрығымен қағады. -Неге жылқыға таңба басады? -Әр адам өз жылқысын айыру үшін,-деп жауап береді әкем.

Жердің топырағының түрлерін құм, саз, қаратопырақ деп бөлінетінін де, онда қандай өсімдіктер өсетінін де асықпай түсіндіреді. Мысалы, жантақ жап-жасыл, себебі ол ылғалды 70 см - 1 м. тереңдіктен сіңіреді екен. Ал бірде әлемнің жеті кереметі туралы әңгімелеп беретін.

 

Толығырақ Дендер газетінің 10 қаңтардағы санынан оқи аласыздар...

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru