Вы здесь: HomeАудан тынысыҚарттарды құрметтеді

Қарттарды құрметтеді

Бөлімі: Аудан тынысы
28 Сентябрь 2018

Қарттар күні мерекесі қарсаңында ардагерлер бөлмесінде  қалыптасқан дәстүрге сай елге елеулі, ардақты азаматтарды мерейтойларымен марапаттаған шара өтті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Нұриев әр кез осылай үлкендердің басын қосып,  даталы мерейтойларды атап өтудің мақсаты – өмірде еңбегімен еленген өнегелі тұлғалардың тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету, насихаттау екендігін айта келе, олардың өмір жолдарына тоқталды.

 «Жақсының жақсылығын айт мерейі тасысын» демекші, 70, 80 жасқа кеп отырған Нәсіпқали Сағынов, Өтеғұл Темірғалиұлы, Ажар Халелқызы, Дәмеш Дүйсембиева, АрдақБайдешова есімді мерейгерлерге ауданның ардақтылары Ерсайын Көшек, Қабижан Қапиз, Қалжан Ахметова, тағы басқалары өткен күндер өрнегіндегі естеліктерді сөз етіп,  ақ тілектерін жаудырды.

Шараға қатысқан аудандық ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы Назгүл Жұмашева мен кітапханашы Саян Сахи және бір топ студенттер атынан Асылзада Есенқызы мен Айзада Рахимова өз лебіздерін өлеңмен жеткізді.

Ерекше өткен кездесу кешін аудандық мәдениет үйінің қызметкері, арқалы әнші Еркін Әубәкіров Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнімен қорытындылады.  Шара соңында ардагерлер кеңесінің төрағасы ұйым атынан мерейлерге Алғыс хат пен сый-сияпат табыс етті.

Еңбек ардагерлеріне деген құрмет еш толастар емес.

Ақмарал БОКИРОВА.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru