Вы здесь: HomeАудан тынысыСенім телефондары - сіздер үшін!

Сенім телефондары - сіздер үшін!

Бөлімі: Аудан тынысы
27 Сентябрь 2018

«Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық  тергеулер қызметі»  35-42-10 (кезекші бөлім),  31-60-59 сенім телефондары қызмет жасайтындығын хабарлайды.

Сенім телефондары арқылы  Сіздер  экономика саласындағы  құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, оның ішінде жалған кәсіпкерлік, бюджеттік қаржыны ұрлау, экономикалық контрабанда, мұнай және  мұнайөнімдерінің, алкогольдік өнімдердің заңсыз айналымы, ойын бизнесі, салықтық саласындағы қылмыстар, терроризм мен экстремизмді қаржыландыру және басқа да деректері туралы ақпараттарды  хабарлай  аласыздар.

Сонымен қатар, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі  қызметкерлері  тарапынан   орын  алған  сыбайлас  жемқорлық (сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдік), оның ішінде  қызмет  бабын  асыра  пайдалану, пара алу, пара беру  және   т.б. деректері  хабарлауға  болатындығын  назарларыңызға ұсынылады.

Әр аптаның  дүйсенбі, сәрсенбі  күндері  Департаменттің  жауапты лауазымды тұлғаларымен  аталған сұрақтармен азаматтарды  жеке  қабылдау    өткізіледі.

Атырау облысы  бойынша  МКД  ЭТҚ  ПЖжББ

 

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru