Вы здесь: HomeАудан тынысыАртық құжат сұрау парақордың әдеті

Артық құжат сұрау парақордың әдеті

Бөлімі: Аудан тынысы
31 Май 2018

Аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелер мен бөлімдер басшылары, Индербор кенті әкімі аппаратының қызметкерлері қатысқан жиналыста  сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, алдын алу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесі талқыланды.

Жиналыс төрағасы, аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлнұр Сүйеуова жүргізген жиналыста бұл мәселе бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас маманы Жеңісбек Байшеркенов сөз сөйледі.

Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарындағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша сөйлеп, бірқатар қойылған сұрақтарға жауап берді. Алдымен бейнеролик көрсетіліп, онда қызмет бабын пайдаланып пара алып, ақыры ұсталғандардың ағынан жарылған сөздері көпшілікке ерекше әсер етті.

Бүгінде аудандағы бірқатар мемлекеттік орындардағы қызмет көрсетудің жайымен танысып, тексеріп жатқан бас маманға мемлекеттік қызметкер Ажар Серікқалиева мен Нұрасыл Сағынғалиев сұрақтар қойып, кездесіп қалатын түсінбестік жайттарды да ортаға салды.

Қызметкерлердің өзін-өзі сақтауы үшін мемлекеттік қызметте тиісті құжаттарды заңдағы талаптан артық алуға баруы, қызметте жаңа технологияларды меңгерудегі кемшіліктер, кеңсе құжаттарын, көрнекіліктерді соңғы талаптарға сай жаңғыртып отыру, әдеп кодексін сақтау, қағида мен стандарттың арасындағы айырмашылық, тағы да басқа сауалдарға тиісінше жауаптар қайтарылды.

С.БИСЕНОВ

 

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru