Вы здесь: HomeАудан тынысыДүкен ашылды

Дүкен ашылды

Бөлімі: Аудан тынысы
31 Май 2018

Өз ісін ашып, нәпақасын айырам деген индерлік кәсіпкерлер қатары күн санап артып келеді. Жуырда кенттегі Г.Шамин көшесінің бойынан «Ғибадат» су жаңа азық-түлік дүкені халыққа есігін ашты.

Дүкен сөрелерінде халықтың күнделікті қажеттілігі – нан, қант-тұздан бастап, тәтті бәліштер, шұжықтың түр-түрі, кондитерлік өнімдер мен қоса тұрмыстық заттар жайнап тұр.

Жаңа нысанның салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев қазіргі заман талабына сай жаңа үлгімен салынған дүкеннің ашылуымен құттықтап, кәсіпкерге ауданның шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына үлес қосып жатқандығы үшін аудан халқы атынан алғысын арнап, еңбегіне саулық, отбасына амандық, кәсіпкерлік саласында жоғары белестерден көріне беруіне тілектестігін білдірді.

Қуанышты сәтте тұтынушылар К.Сахи мен Райса Қисеева сөз алып, жаңа сауда орнының халыққа үлгілі қызмет көрсететініне сенім білдірді.

Айта кетейік, дүкен иесі Күнзира Балағойшықызы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы арқылы 4 млн. 800 мың теңге несие алып, кәсібін бастапты.

Міне, ресми түрде салтанатты ашылуынан соң, тұрғындар өз қажетіне керекті өнімдерін сатып алып жатты.

Д.АЙБАРОВ.

 

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru