Вы здесь: HomeДенсаулықТуберкулез түбіңізге жетпесін десеңіз...

Туберкулез түбіңізге жетпесін десеңіз...

Әлемде ең көп тараған жұқпалы ауру туберкулезден жыл сайын  2 миллионға жуық адам қайтыс болады.

Мұндай қоғамның өзекті мәселесін әрбір адам күнделікті өмірде туберкулездің алдын алу шараларын жақсы біліп, сол білімін қолданған жағдайда оның өсуі мен таралуын  тоқтатуға болады.

Айталық, туберкулез таяқшалары ауа арқылы тарап, оны жұқтырып алған адамдардың өкпесінде өсіп жетіліп, көбейеді. Алғашқыда өкпе тіні қабынып, содан кейін бүлініп ыдырайды да орнында қуыстар пайда болады. Осындай қуыстарда сақталған миллиондаған туберкулез таяқшалары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде қоршаған ортаға шашырап тарайды. Туберкулез таяқшаларын жұқтырудан ешбір адам қорғалмаған, себебі ауа барлық адамдар үшін ортақ.

Туберкулез кез келген адамға жұғуы мүмкін, әсіресе оны жұқтыру бойынша  «қауіп» тобына жататын адамдар: балалар, қарт адамдар, қант диабетімен ауыратындар, стероидты препараттар қабылдайтын адамдар, иммундық жүйені әлсірететін дәрі-дәрмектерді қабылдайтын  адамдар, ЖИТС жұқтырғандар, тұрмыс жағдайы нашар адамдар (жұмыссыздар, үйі жоқтар т.б.), маскүнемдікке және нашақорлыққа тәуелділер, жалпы денсаулық жағдайы нашар, иммунитеті төмен адамдар.

Туберкулез ауруы басталғанда жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұстың ауруы, тәбеттің, салмақтың, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі сынды белгілері білінеді. Осындай негізгі белгілеріне адамдардың көбі көңіл бөліп, дәрігерге қарала қоймайды немесе өз бетімен ем қабылдай бастайды. Одан әрі бұл белгілердің бәрі күшейе түссе, науқастың қан түкіруі мүмкін. Жөтел – туберкулезге тән ең алғашқы белгілердің бірі. Егер жөтел 2 аптадан артыққа созылса, міндетті түрде тез арада жалпы медициналық мекемеге – емханаға, фельдшерлік бекетке, бөлімшелік ауруханаға барып, дәрігерге қаралыңыз. Туберкулез дер кезінде анықталса ем де нәтижелі болады. Сондықтан әр  адам  денсаулығына салғырт  қарамай,  ауруды әрі қарай асқындырмауы тиіс.

Туберкулездің алдын алуға халықтың тұрмыс, еңбек, өмір сүру жағдайын,  әсіресе дұрыс тамақтанбау сияқты әлеуметтік шаралар және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар, спорт пен дене шынықтыру жатады.

Туберкулезді ерте анықтау – онымен күресудің негізгі бөлігі болып табылады. Ал, флюорография, туберкулинді диагностика, микробиологиялық зерттеулер туберкулезді ерте анықтаудың негізгі әдістері. Әрбір адам жылына 1 рет міндетті түрде осындай тексеруден өтуі керек.

Туберкулезді анықтаудың ең сенімді әрі тиімді тәсілі – туберкулез таяқшаларын қақырықты микроскопиялық тексеру арқылы анықтау.

Манту сынамасы балаларда туберкулез таяқшаларымен зақымдалуды және туберкулезбен науқастарды дер кезінде анықтау үшін қолданылады. Бұл екпе емес, қауіпсіз диагностикалық тест.

Бүгінгі күні БЦЖ вакцинасы балаларды туберкулезден және оның асқынуынан қорғайтын бірден-бір әдіс. Вакцинация аурушылық пен өлімді төмендетіп, туберкулездің ауыр түрінің дамуын (менингитті, милиарды туберкулезді, казеозды өкпе қабынуын) ескертеді. Жаңа туған нәрестелерге дүниеге келгеннен кейін 2-4 күндері терілік асты тірі БЦЖ вакцинасын енгізу жүргізіледі. Балаларды туберкулез жұқпасынан әрі қарай қорғау үшін БЦЖ екпесі 6-7 жаста (1 сынып) туберкулин сынамасы теріс болғаннан кейін салады.

Туберкулез емделеді, алайда бұл ауруды өздігінен емдеп жазу мүмкін емес. Аурудың белгілері пайда болған кезде тез арада  медициналық көмекке жүгінген жөн.

А.Қосымбаева,

аудандық ҚДС басқармасының бөлім басшысы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru