Вы здесь: HomeДенсаулықҚұс тұмауы қауіпті

Құс тұмауы қауіпті

Осыдан 30 жыл бұрын бұл індет тек жануарлардың ауруы болатын. Алайда 1997 жылы  ең алғаш рет Гонконгта құс тұмауымен адамның ауырғаны туралы деректер тіркелген. 

Құс тұмауының ең жиі кездесетін және адамға жұғатын вирусы H5N1 түрі.

Аталған вирус түрі ыстыққа төзімсіз келеді, яғни 70 ° С қайнатылған суда немесе ыссы термикалық өңдеуден өткен құс ұшасында  вирустың көзі жойылады. Тұтынушы шикі құс ұшасымен жұмыс жасағанда шикі құс етінен басқа тағам өнімдеріне (су) сұйықтық ағып кетпеуін немесе жартылай шикілей түрде қолдануға болмайтынын ескертемін. Құс ұшасымен жұмыстан кейін қолын міндетті түрде сабынмен жуып, жұмыс орнын тазалау керек. Ауруға қолайлы аймақтардан  құстарды, құс өнімдерін қолдануға болмайды.                                                                                          

Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында, жылқыларда, шошқаларда да кездеседі. Әдетте жабайы құстар құс тұмауымен ауырмайды, індеттің таралу көздері болып табылады. Үй құстарында құс тұмауына шалдыққан жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, құстардың жаппай  өліміне әкеп соқтырады. Құс тұмауы адамға ауру немесе өлі  құстармен тікелей қатынасқанда жұғады. Адамдағы белгілері бастың қатты ауырып, температура көтеріліп іш өту сияқты белгілері ауру жіті өткенде білінеді. 

Құс өлігін немесе ауру құстың маңайына жақындамауды, сондай-ақ балаларды жақындатпаған дұрыс, себебі құс тұмауының вирусы алиментарлы (ауа арқылы) жолмен де таралады. Ауруға күдіктенген жағдайда ветеринар мамандарға ескертілу керек.

Әдетте ауру немесе құс өліктері жойылып, орны залалсыздандырылады.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында құс тұмауының таралуының алдын алу  іс-шаралары қарқынды жүргізілуде.

Құс фермаларында ветеринарлық қадағалау, залалсыздандыру талаптары күшейтілген.

Шетелдерден және құс тұмауы тіркелген аудандардан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған.

Жеке шаруашылықта үй құстарын күтүде арнайы киім, тұмылдырық кию, оларды күнделікте залалсыздандыру, құс тұмауына күдікті, ауырған құстарды басқаларынан жеке оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау, өлген құстарды өртеу, мұздатылған құс өнімдерін асқа пайдаланғанда гигиеналық  талаптарды қатаң орындау қажет.

 

А.Мақсотова,

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru