Вы здесь: HomeДенсаулықСұлулық сорыңа айналмасын

Сұлулық сорыңа айналмасын

 

Сұлулыққа құштарлықтың соңы айықпас дертке ұрындыруы мүмкін.  Себебі, салонда аталған қызметті көрсетушілер ешбір мекемеге хабарламастан өздігінен жұмысын бастайды да, қадағалаудан сытылып кетеді.

Ашылған сән  салоны, шаштараздарда  санитарлық талаптар сақталмайтыны анық. Неге десеңіз, маникюр жасайтын құрал-саймандары  дезинфекцияланбайды.  Соның салдарынан  гепатит пен зең ауруын, тіпті ВИЧ жұқтыру қаупі бар.Тырнақ әрлейтін құрал-саймандар,  мысалы қысқаш алдын ала дезинфекциядан өтпей, маникюр маманы қолыңызды байқамай  жарақаттап алса болды, сіз айықпас дертке шалдығуыңыз мүмкін. Алайда олардың түрлі тері ауруларына  да себепкер екенін жұрттың көбі біле беремейді. С гепатиті, ВИЧ, түрлі тері аурулары, абай болмаса кез келген қыз-келіншек  дәл осы қауіпті дерттерді сұлулық салондарынан жұқтырып алуы әбден мүмкін.  Сән салондарында арнайы стерилизаторды пайдаланатыны күмән туғызады. Дезинфекция сән салонында жай спиртпен сүрте салып немесе  жай сумен жуа салуы ғажап емес. Ол уақытта АИТВ жұқпасының қоздырғышы жойылуы мүмкін емес.  Мұндай вирустардың өршуіне тек салон қызметкерлері ғана емес, тиісті құжаттарды талап етпейтін тұтынушылардың өздері де кінәлі. Сондықтан  қызметіне жүгінбес  бұрын  тиісті құжаттарын талап  етуге әркім құқылы.  Талап  бар жерде, жауапкершілік жоғары болатынын есте ұстаған жөн.  Ал қазіргі таңда интернет желісі дамып, осындай жағдайда үйде қызмет көрсету: маникюр, педикюр шеберлерінің үйде қызмет көрсетуі танымал болып жатыр. Адамдар өз денсаулығын қауіп-қатерге тігіп, үйден қызмет алып жатыр, оның бәрі дұрыс емес. Өйткені, сән салонына қойылатын талаптар үй жағдайында ұстау мүмкін емес. Санитарлық ережелерге сәйкес, маникюр-педикюр шеберлері міндетті түрде жылына бір рет вирустық В және С гепатитіне тексеруден өтуі тиіс. Бірақ оған мән беріп жатқан  ешкім жоқ. 

Құрал-сайманға жұққан вирус бірнеше тәулікке дейін сақталса, ВИЧ инфекциясын қарапайым әдіспен тазалау арқылы мүлде жойылмайды. АИТВ жұқпасы кепкен қанда 1 тәуліктен артық сақталады.  Қан маникюр, педикюр құралында болған жағдайда, ол қан 56 градус қыздырылған кезде жарты сағаттан кейін ғана жойылуы мүмкін. Ал «С» гепатитінің жойылу уақыты одан да ұзақ. “С” вирусты гепатиті науқастардың көбінде (60-85%) аурудың созылмалы түріне айналады. Себебі ауру уақтылы анықталмай, әбден асқынған жағдайда бауыр циррозы, созылмалы гепатит сатысында өткен кезде ғана анықталады.

Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыздың  кепілі  екенін  есте  ұстаған  жөн.

Г.Оразалиева,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы маманы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru