Вы здесь: HomeДенсаулықРентген сәулесі зиянды ма?

Рентген сәулесі зиянды ма?

Жалпы халықты рентгенге түсірудің денсаулық сақтау саласында тұрақты қалыптасқан жағдайы бар. Бұл бір жағынан жақсы. Жаңадан пайда болып келе  жатқан ісік, түрлі аурудың алдын алуға септігі тиері сөзсіз.

Алайда, рентген сәулесінің зияны бар екені айдан анық. Рентген – рентген және гамма-сәулелері экспозициялық дозасының жүйеден тыс бірлігі. Рентген сәулесінің тірі организмдерге (адамдарға да) әсері оның тканьдары иондау дәрежесіне қарай пайдалы немесе зиянды жақтары бар. Космостан келетін рентген сәулесі кейде күнде жарылыс болған кездерде жер атмосферасына жетіп, адамдардың қан қысымын арттырып, жүрек ауруын жиілетеді. Мұны ғылым жоққа шығармайды. Осы жерде мына бір фактіні алайық. Атом бомбасы жарылғанда зиянды сәуледен адамдар өміріне қауіп көп екен. Адамдар жазылуы қиын сәуле ауруына ұшырайды. Оның мөлшері 52 рентген дозаға жетсе, адамдар өмірден біржола қоштасар жағдай қалыптасады екен. Мен алпыс жыл бойы жыл сайын үзбестен рентгенге кеудемді түсіріп келемін. Өткен ғасырдың 60-75 жылдарында 5-10 минут бойы рентген кабинасында ұстап, әр жеріңді (әрине кеудені) қолымен түрткілейтін. Соншалықты ұзақ ұстағанда кеудеміздегі ақ ұлпа ағзаларымыз қандай күйге түскені бізге – клиентке белгісіз. Сонда бойымыздан қанша рентген доза сәуле өтті? Оны түсіндірген ешкім жоқ-ты. Ауруым жоқ деген үмітпен өзімізді-өзіміз «емдеп», зиянды рентген сәулесіне қарсы иммунитет қалыптастырған болармыз.

Қазір сәбилерді УЗИ аппаратына түсіреді. Сонда сол әлжуаз сәбилерде аппараттың зиянды сәулелеріне қарсы иммунитет пайда болып үлгерген бе? Оны зерттеген медициналық институттардың, ғылыми лабораториялардың нақты жауабы бар ма? Болса оның нәтижесі жалпы халыққа жария болуы керек қой. Рентген техникасы аппараттарының сапасы жоғары, адамға қауіпсіз деп баспасөзде жазылып жүр. Солай бола тұрса да, рентген техникасының алдына екі талап қойылады екен. Біріншіден, адамды электр тогы әсерінен, екіншіден – рентген сәулесі тиюден қорғау, рентген сәулесінің зиянды зардабын кеміту. Шындығында, рентген және УЗИ аппараты сәулелері зиянды болмаса, бұл туралы жоғарыдағыдай айқыртып ескерту жазбас еді. Бұл мәлімет «Қазақ совет энциклопедиясының» 9-томының 471-бетінде айқын жазылған.

Барлық адамдарды ауданға (ауырмайтындарын да) жылма-жыл міндетті түрде рентгенге түсіруге шақырады екен. Рентгенге түспегендерді дәрігерлер қарамайды деген әңгіме бар. Бұл неғылған қатып қалған тәртіп. Ауырмасам да рентгенге түсуім керек пе? Сексенге келгенде көп доза алып, сәуле ауруына шалдығып қалмаймын ба деген күдігім бар. Әрине, дәрігерлер – адам жанының сақшысы. Жоғарыдан берілетін қатаң тәртіп те болар. Бұған дәрігерлер не дейді екен?

 

Кеңес САХИ,

Индербор кентінің

тұрғыны.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru