Вы здесь: HomeДенсаулықКүмәнді тағам, сенімсіз сатушы

Күмәнді тағам, сенімсіз сатушы

Микробтар болатын жерлер, әрине жеткілікті, сондықтан, оларды бір мақалада, тіпті бір күнде тізіп шығу мүмкін емес.

Микробтардың біз күтпеген жерде де болуы ол басқа әңгіме. Бүгінгі күнде кез-келген орташа статистикалық адам өмір ағымының жылдамдығына байланысты күніне бір рет өз үйінен тыс жерде, яғни үй асымен тамақтанбауға мәжбүр болады. Нәтижесі ретінде қазіргі таңда қоғамдық тамақтану орындарының саны өте көп. Әр қадам сайын дерлік дәмхана мен мейрамханалардан бастап, донер мен самса сататын кәдімгі қарапайым дүңгіршектерге дейін сізді тамақтандыруға дайын тұрады.

Фаст-фуд пен тез тағамдардың пайдалы емес екендігі, тіпті өте зияндылығы айтпасақ та түсінікті. Тек қана Е-қоспалардың, консерванттардың, бояғыштардың, канцерогендердің, майлардың барлық тез дайындалатын тағамдарда бар екендігін ескере кетейік. Себебі бұл «ғажайыптардың» барлығы жылдам дайындалатын тағамдардың құрамында болғандықтан, олар ұзақ уақыт сақтала алады. Тіпті, қарапайым «кәріс» салатының құрамында 100% жағдайда дәмді күшейткіш - натрий глутаматы бар. Оны жиі және жүйелі түрде қолдану онкологиялық ауруға әкелуі мүмкін. Айта кетсек, натрий глутаматы тек «кәріс» салаттарын дайындауда ғана емес, сонымен қатар тез дайындалатын тағамдардың көбінің құрамында кездеседі.

Фаст-фудтың зияндылығына көп тоқтамайық, тақырыбымыз микробтар жөнінде болғандықтан, олардың тез дайындалатын тағамдарда болу мүмкіндігі жөнінде айтайық. Микробтар улану, және осыған ілеспе сырқаттарды тудырады. Көшеде орналасқан ас-су, тағам сататын дүңгіршектер, тіпті, қол жуатын құбырмен де жабдықталмаған. Енді ойлап көріңіз, сізге бір қарағанда тәбетті ашатын тамақ әзірлеп сататын адам, бұған дейін дәретханаға барып, лас сүйеніштерді ұстап, аяқ киімін сүртіп және тағы басқа істермен айналысуы мүмкін және сол лас қолымен сізге тамақ әзірлеп береді. Кейбір адамдар, қазіргі өркениетті заманда сауда дүңгіршектеріндегі сатушылар да арнайы қолғаппен жұмыс істейді деп қарсылық білдіруі мүмкін, бірақ, бұл жағдайда тазалық гигиенасын сақтау үшін сатушы қолғабын 5 минут сайын демей-ақ қояйық, тым болмаса сағат сайын ауыстырып отыруы қажет.

Дегенмен көзбояушылық мықты орындалады. Сонымен қатар, мұндай орындардағы күнделікті тазалық жұмыстарының уақытында жүргізілуі де күмән тудырады. Мүмкін, ылғалды шүберекпен сүртіп алумен ғана шектелетін шығар. Алғашқы қарағанда таза болып көрінгенмен, көзге көрінбейтін микробтардың шоғырланбауының кепілдігі жоқ. Тазалық жұмыстары жүргізілсе де, арнайы залалсыздандыратын құралдардың пайдалануы, пайдаланылған уақыттың өзінде әр 2-3 сағат сайын тазаланып отырылуына шүбә келтіреміз. Бұл уақыт мөлшерінде микробтар саны өсе түседі. Уланатын жағдайға апаратын мөлшерде. Тағы да бір айта кететін жағдай: мұндай қоғамдық тамақтану орындарында әдетте, тоңазытқыш, мұздатқыш құралдары орнатылмайды. Демек, барлық салаттар, майонездер, дайын өнімдер бөлме температурасында, кейбір жағдайларда, тіпті, ұзақ уақыт бойы шыжыған күннің астында сақталады.

Бұдан туындайтын қауіпті  айтып түсіндірмесек те болады. Айтпақшы, астаналық базардың бірінде орналасқан осындай тез тамақ дайындайтын дүңгіршектердің бірінде дайын кәуаптың арасында егеуқұйрықтың жүгіріп жүргенін өтіп бара жатқан адам бейнеге түсіріп алған. Осы кәуаптар сатушының адалдығына сенетін тұтынушылардың біріне сатылмағанына кім кепіл?

Сондықтан, жоғарыда айтылғандарды ескеріп, көшеде орналасқан осындай сауда орталықтарынан тағам сатып алу-алмау керектігін өзіңіз шешесіз. Жеңіл пайда соңына түскен кәсіпкерлердің жауапсыздығы үдеп келеді. Ал, мұндай орындарды тексеру, тек тұтынушылардың ескертуі арқылы немесе наразылығы бойынша жүргізілуі мүмкін. Әрине, бұл мақалада жазылған жайттар жылдам тамақ дайындайтын барлық орындарда кездеседі деп айтудан аулақпыз. Сөзсіз, өз беделдерін ойлайтын, барлық ережелер мен нормаларды сақтайтын жауапты кәсіпкерлер де бар. Дегенмен, таңдау өзіңізде.

Ал біз, өз кезегімізде сізге зор денсаулық пен тұтынушылық сауаттылықты тілейміз!

Ж.Сүндеталиева,

ҚРҰЭМ ТМРБжТҚҚ Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru