Вы здесь: HomeДенсаулықДемікпе

Демікпе

Қолқа демікпесі – бұл қолқаның  шырышты қабығында шырыштыңшамадан тыс көп бөлініп ісінумен, соның  әсерінен қолқаның тарылып, тыныс алу қиындаумен сипатталатынын созылмалы қабыну ауруы.

Бұл ауру тұқым  қуалаушылыққа бейімделген және ол туыстарының арасында аллергиялық аурумен ауыратын науқастарда дамиды.

Қолқа демікпесінің басталуы түрлі аллергендердің әсерімен байланысты. Әрине, тұншығу, демігу, қырылдау,жөтел және кеуде қуысындағы қысу сезімі осы дертке тән белгі. Сондай-ақ ұйқыға кедергі жасайды. Және үнемі инголяторға жүгініп және уыстап дәрілер ішіп отыру керек. Демікпенің себептері біріншіден үй ішіндегі шаң себепкер. Сондай-ақ  аурудың асқынуын түрлі жануарлар да мысық пен иттің жүндері, т.б. себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар,жоғарыда көрсетілген факторлардан бөлек күйзеліс, ауа райының өзгеруі, бояулардың, иістендіргіштердің, парфюмериялық қатты иісі, сондай-ақ темекі түтіні демікпеге алып келуі ғажап емес.

Аурудың емделмейтініне қарамастан науқастардың  келісті әрекеті ауруды  бақылауда  ұстауға  және сапалы өмір сүруге  мүмкіндік береді.

Самал

Ғалымқызы,

АСӨС маманы.

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru