Вы здесь: HomeДенсаулықБотулизм

Ботулизм

Ботулизм - жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық ауру түрі.

Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың, балықтардың ішек жолдарында, топырақта, көңде, жеміс-жидекте, жем-шөпте, мал азықтарында болады. Ботулизм ауруының 90%-ы тұрмыстық жағдайында дайындалған саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, ет, балық консервілерін және тұздалған, ысталған балық, шұжықта, сүрленген шошқа етін пайдаланғаннан болады, яғни технологиялық ереже сақталмай дайындалған әртүрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда орын алады. Консервіленген тағамда CI.botulinum микроорганизмі өсіп-жетілген кезде банкінің беті мен түбі ісінеді, осының салдарынан қақпағы көтеріледі, оны бомбаж дейді. Осындай өнімдерді тұтыну ботулизм ауруына әкеліп соқтырады.

Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Ботулизмнің диагностикасын эпидемиологиялық, клиникалық және лабораториялық көрсеткіштерге сүйеніп анықтайды.              Ботулизм ауруының алдын алу жолдарына келсек, олар:

- санитариялық тазалықты сақтау, тамақ өнімдерін консервілеуде технологиялық процесті қатаң сақтау, консервіленген өнімдердің сақталуын қадағалау, жылы, ыстық орындарда сақтамау;

- сауда обьектілерінен үй жағдайында дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алмау;

-консервіленген өнімдерді пайдалану алдында қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж және «бұлыңғыр» түрдегі өнімдерді пайдаланбау.

Ботулизм көп жағдайда өз уақытында анықталмайды. Клиникалық белгілерін басқа жұқпалы аурулармен шатастыру жағдайлары жиі кездеседі. Егер науқасқа уақтылы дәрігерлік көмек көрсетілмесе, организмнің токсиннен улануы салдарынан аз уақытта өлімге алып келеді. Сондықтан  айтылған талаптарды орындап  сатып алатын тағамдарыңызға сақтықпен қарағаныңыз  жөн.

 

Ақмарал Қосымбаева,

аудандық қоғамдықденсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы.  

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru