Вы здесь: HomeДенсаулықАуданның бруцеллезден аты озып тұр

Ауданның бруцеллезден аты озып тұр

Мал төлдеу науқаны басталғанда аудан тұрғындарына бруцеллез ауруынан сақтану жолдарын ескертуді жөн көрдік. Күні бүгінге адамдар мен жануарлар үшін ортақ ауру –бруцеллездің эпидемиологиялық ахуалы ауданымыз үшін тұрақсыз болып отыр. Облыс бойынша 65 аурудың 34-і біздің ауданда тіркелгені бұл сөзімізді қуаттайды.

Осыған байланысты аудан әкімшілігі жанынан құрылған комиссия барлық округтерде халықпен кездесу өткізіп, жеке шаруащылық қожалықтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді назардан тыс қалдырмай келеді.

Негізгі жұқпа көздері қой-ешкі, сиыр, ит-мысық болып табылатын ауруды ауру малды күткенде жеке бас гигиенасын сақтамағанда, ауру мал бөліністерімен залалданған құралдармен тікелей қатынасса, малдың жүнін қырқу, қағанақ суымен қатынаста болғанда, туған қозы-лақты ауыздандырып емізу кезінде жиі жұқтырады. Сонымен бірге қайнамаған сиыр, ешкі сүтін немесе термикалық өңдеуден өтпеген қаймақ, ірімшік, брынза, құртты пайдаланғанда ауру жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, малды күтіп-баптаған кезде мал қораларын тазалау, ауру малдың бөлінділерімен ластанған шөп, күбір, топырақты жинау кезінде жұғады.

Ал, аурудың алдын алу шараларына келсек, ең әуелі жеке бас гигиенасын сақтау, мал дәрігерлік анықтамасынсыз сүт өнімдерін бей-берекет сауда орындарынан сатып алмау қажет. Сол секілді, мал иелері жыл сайын малдарын ветеринар қызметкерлермен бірге бруцеллезден сауықтырып отыруды, әрбір өлі туған мал төлдерін, түсіктерді жергілікті әкімшіліктің ветеринарлық маманына міндетті түрде хабарлауды, бруцеллезге оң нәтиже берген малды 15 күн ішінде жойылғанға дейін жалпы өріске қоспай, оқшаулау және қораны толықтай тазалап залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді, малды жазғы өріске жіберер алдында және қыстаққа келгенде сарып ауруына тексертіп алуды ұмытпағаны жөн.

Түйіндей айтқанда, қарапайым алдын алу шараларын сақтай отырып өзіңізді бруцеллезді жұқтырудан қорғай аласыз.

Ш.Ержанова,

ауданның мемлекеттік бас санитар дәрігері.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru