Зерек оқушылар «Зердеден» жүлделі оралды

Жақында Ақмола облысы, Шучье қаласындағы 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» XIV республикалық оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының байқауы өтіп, оған қатысқан аудан оқушылары жүлделі оралды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған бұл сайыста «Жауынгер ата ерлігі» атты жұмысымен Ә.Кекілбаев атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Әділхан Дауылбай мен Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Гүлнара Арнұрқызы «Cartroons in children's life» атты жұмысымен жүлделі III орын иеленді.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру, интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.

Шәкірттің жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі. Әрине, қайсыбір жетістіктің артында да балаларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздың үлкен еңбегі жатқаны ақиқат. Аталған оқушыларды тәрбиелеп, зерттеу жұмысына, шығармашылыққа баулып жүрген ұстаздар – Гүлсім Аренова мен Мейрамгүл Бөлекбаева.

Айта кетейік, байқау кезінде Әділхан Дауылбай «Өлкентану» секциясы бойынша қатысып, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер Өтен Қажығалиевтің ерлігі мен бейбіт өмірдегі еңбегін баяндады. Сондай-ақ атаның Ұлы Отан соғысының аяқталғанына отыз, қырық, елу жылдық мерекелік медальдарымен және тағы да басқа бірнеше медалдармен марапатталғанын, бұл адамның өмірі мен ерлігі, шындығында да, үлкен құрметке лайық екенідігін көрсетті. Сонымен қатар жауынгер атаны жан-жақты іздеген дарынды оқушы атамыздың есімін Есбол ауылындағы бір көшеге берсе екен деген ұсынысында айтты. Ал отандық және шетелдік мультфилмдерді салыстармалы түрде зерттеген Гүлнара Арнұрқызы отандық өнімнің қашанда бесіктен белі шыққан бүлдіршіндерге тәрбиелік мәні барын айтып, тынбай ізденіп, еңбектенген.

Міне, жүлделі оралған жерлестерімізді облыстық білім беру басқармасы мен аудандық білім бөлімі және мектеп әкімшілігі салтанатты жағдай күтіп, құрмет көретті.

Диас АЙБАР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521