Заңғар жазушы есімі жаңа мектепке берілді

 Ынтымақ ауылындағы Гребенщик орта мектебіне Қазақ руханиятының заңғар тұлғасы Әбіш Кекілбаевтың есімін беру салтанаты өтті.

Жаңа жылда жаңа атауға ие болған мектеп – аудандағы іргелі оқу орындарының бірі. Салтанатты шараға жиналғандар аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырған «Туған жер – киесі, дархан дарын – иесі» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысқан соң, аудан әкімі Мейірім Қалауи осынау білім ордасына әдебиеттің алыбы, мың жылда бір туар дара тұлға Әбіш Кекілбаевтың есімі берілуімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Осындай ізгі тілектен соң оқушылар Ә.Кекілбаевтың прозасындағы  шұрайлы тілде жазылған  шырайлы теңеулер мен шынайы бейнелеулерді әдемі жеткізді. Одан әрі Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің балалар театры ақынның шығармашылығынан «Бір шөкім бұлт» сахналық қойылымын көрсетіп, сұрапыл соғыстың қатал тағдырын бейнеледі.

Кейін Ә.Кекілбаевтың сөзіне жазылған «Теңіз жағасындағы ой» әнін Ерболат Каримов, ал Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармонияның әншісі, осы мектептің түлегі Асхат Әмірғалиев Т.Досымовтың «Мен-Қазақпын» әнін орындап, көпшілікпен бірге бард ақынды еске алды. Ал жас ақын М.Әуезов атындағы орта мектептің оқуышысы Нұрасыл Иса өзінің ақынға арнаған сиясы кеп пееген өлеңін жеткізсе, мектеп түлегі Асқар Сатыбалдиев жүрекжарды тілегін білдірді.

Кеш барысында Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп деген есімді алғаш рет республикалық ғылыми жобалар байқауында паш еткен, мектеп мақтанышы 4 сынып оқуышы Әділхан Дауылбай былай дейді: «Ақмола облысы, Щучье қаласында өткен «Зерде» республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, 532 оқушы бақ таластырған байқауда жүлдегелі үшінші орын алдым. Республикалық сайыста алған жүлдем мектебімізге жаңа есім берілу қуанышымен тұспа-тұс келуі үлкен жақсылықтың нышаны деп білемін. Заманымыздың заңғар тұласы Ә.Кекілбайұлы мектебінің оқушылары ретінде әлі талай биіктерді бағындыра береміз деген сенімдемін».

Салтанатты шара соңында аудандық балалар өнер мектебінің оркестрі ұжымы өз өнерлерін көрсетті.

Диас АҒЫСҰЛЫ

Ынтымақ ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521