Талаптанған табысқа жетеді немесе ҰБТ тапсырудың төрт әдісі

2018-19 оқу жылында ҰБТ төрт кезеңнен өткізілу қарастырылған. Төрт кезең дегеніміз ҰБТ-ны төртке бөліп өткізу болып саналады.

I кезең қаңтар, II кезең наурыз, IIІ кезең маусым-шілде, IV кезең тамыз айларында өтеді. I, II, IV кезең ақылы негізде оқуға түсуге, ал III кезең конкурс арқылы гранттық негізде оқуға түсуге арналған.

ҰБТ-ні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тапсыруға болады. Тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруды таңдағандар «Қазақстан тарихы» пәнін қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде тапсыру еркінде. Шығармашылық мамандықты таңдағандар екі пәннен (оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы) тапсырады.

Тест тапсырмаларының саны 120 (шығармашылық бойынша 60), оған 2 сағат 50 минут уақыт беріледі. ЖОО-ға оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Индер ауданы бойынша осы оқу жылында 289 оқушы мектеп бітіреді деп күтілуде. Оның 255-і қазақ, 34-і орыс сыныбы бойынша. Алғашқы 1 кезең артқа қалды. I кезең бойынша 1-15 желтоқсан аралығында өтініш қабылданды. Аудан бойынша 151 оқушы қатысты. ҰБТ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 18, 19, 20 қаңтар күні өткізілді. Қатыс 52,2 % құрады. 92 оқушы шектік балл жинады. Аудан бойынша орта балл 57,7 % болды.

II кезең бойынша 1-15 ақпан аралығында 207 өтінішін қабылданды. 180 оқушы қазақ, 26 оқушы орыс, 1 оқушы ағылшын тілінде тапсырады. Қатыс 71,6 % болды. Тест 24-29 наурыз аралығында болады деп күтілуде. Оқушылардың оқуға тусуге ниет білдіру қарқыны артуда.

ҰБТ бойынша қосымша мәліметтерді Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтына кіру арқылы алуға болады.

Сынақтан сәтті өтулеріңізге тілектеспін!

Сұлтанмұрат Алиұлы ҚҰЛШЫҚ,

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Атырау облысы Индербор кентіндегі филиалы басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521