Студенттер ойымен бөлісті

Мектебімізде «Қош келдің, студент» тақырыбында студенттермен кездесу кеші өтті.

Шараға мектебіміздің түлектері, Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері А.Бақыт пен Г.Қалданова, Ақтөбе қаласындағы медициналық академияның студенті А.Бекболат, Атырау қаласындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері А.Нұржанова мен Ш.Жасұланұлы, Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетінің студенті Б.Құрмет, «Мақсат» медициналық колледжінің студенті М.Хайыржанқызы, Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетінің студенті А.Қарақойшы қатысты.

Шараның ашылуында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тұрымбетова студенттерге тілегін айтып, оқуларына сәттілік тіледі.

Қонақтар оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, студенттік өмірдің қиындығы мен қызығы туралы ой бөлісіп, сыр-сұхбат өргізді. Мектеп психологі А.Жалғасбаева студенттер мен оқушыларды қатыстырып, көңілді тренинг ұйымдастырса, оқушылар студенттік өмір жайлы жыр шумақтарын оқып, Қайырбай Қуаныш әннен шашу шашты.

Шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Шүйінішқалиева студенттерге Алғыс хаттар тапсырды.

Алтынай Ғарифуллина,

М.Сиранов атындағы орта мектептің тәлімгері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521