Отбасы – тәрбиенің бастауы

9–10 қыркүйек күндері республиканың барлық мектебінде ұйымдастырылып жатқан «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана, өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы конференция біздің Б.Нысанбаев орта мектебінде де өтті.

Алдымен мектеп психологі Г.Ахылбекова ата-аналарға 15 сұрақтан тұратын сауалнаманы таратып, интерактивті тақтаның көмегімен слайдтарды ата-аналар назарына ұсынды. Конференцияны алғаш болып мектеп директоры Үмбеш Анар ашып, әрі қарай ата-аналарды келген Үндеу хатпен таныстырып шықты. Әрине, Республика деңгейінде дайындалған слайдтар мен роликтердің ата-аналар үшін өте маңызы болғандығы жасырын емес. Себебі конференцияға қатынасқан Алтын, Орынгүл, Айгүл есімді ата-аналар бала тәрбиесі үшін үлкен жауапкершілікпен жұмыс жасап жүрген мектеп мұғалімдеріне алғыс айтты.

 

 

                                  Әлия Жұмашева,

Б.Нысанбаев орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521