Оқушылар жүлдегер қатарынан көрінді

Күні кеше облыстық «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і «Мың бала» облыстық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылап, үздіктерді марапаттады.

Жобаның мақсаты – этнос өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді еркін сөйлеуге үйрету, қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Міне, осы байқауға ауданнан Кристина Горшкова мен Карина Муляренко (Ш.Уәлиханов атындағы о/м), Диана Гратий (М.Әуезов атындағы о/м жетекшісі Гүлшат Сағындықова) өзгелерден оза шапса, сондай-ақ жетекшісі Жанар Сидеғалиева жүлдегерлер қатарынан көрінді. Айта кетейік, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Сағатқызы оқытушылардың арасында қазақ тілін оқыту байқауында өзге ұлт өкілдерімен жүргізген жұмысы бойынша авторлық бағдарламасын қорғап, бірінші орын жеңіп алды.

Енді ұстаз Республика төрінде шәкірті Кристина Горшкова екеуі аудан, қала берді облыс намысын қорғайды. Сәттілік серік болып, жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз.

Д.АҒЫСҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521