Мектепте Табылды әндері шырқалды

Ауданымыздың торқалы тоқсан жылдық мерейтойына орай М.Әуезов атындағы орта мектебінде туған жердің қадір-қасиетін сезіну, ауданымызға танымал өнер иесі Т.Досымовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ауқымды іс-шара өтті.

Аптаның алғашқы күні бастауыш сынып оқушылары 15 минуттық үзіліс кезінде бард ақынның «Сәйгүлік», «Мен қазақ», «Дендерім – байтақ мекенім» атты әндеріне флешмоб билесе, келесі күні ол ортаңғы және жоғарғы сынып оқушыларына жалғасты, ал бүгін ұстаздар қауымымен қорытындыланды.

Осы орайда, мектеп директоры Роза Даулетованы сөзге тартқанымызда бір апта бойы білім ұясында Табылды ақынның өлеңдері үзіліс кезінде үзіліссіз шырқалып, ол оқушыларға үлкен рух, патриоттық сезім қалыптастырғанын айтты.

 

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 27.09.18 ж. №39 (8190) санынан оқи аласыздар.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521