"МЕКТЕБІМ МЕНІҢ СҮЙІКТІ, ҚОШТАСАР БҮГІН КЕЗ КЕЛДІ!"

Бүгін ауданның барлық мектептерінде қоңырау үні күмбірледі. Жаңа да жауапты өмiрге басқан түлектер аяулы мектебімен қимай қоштасты.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында аудан бойынша 291 түлек жаңа өмірге қанаттанды. Олардың 14-і Алтын белгіге, 14-і «Үздік аттестатқа» үміткерлер. Ал, ҰБТ-ға қатысатыны- 207. Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ биыл да Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте 26 маусым-5 шілде аралығында өтеді. Соңғы қоңырау салтанаты М.Әуезов атындағы орта мектепте де ҚР Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұран орындаумен басталды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Мейірім Қалауиға бүгінгі соғылған соңғы қоңырау мектептің бүгінгі түлектерінің ең соңғы қоңырауы екенін тілге тиек етіп, бұл олардың өміріндегі мәңгі есте қаларлық оқиға болатынын атап өтті. Ал мектеп директоры Роза Даулетова биылғы оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп бітіруші түлектердің алдағы үлкен сынақтан сүрінбей өтіп, ата-аналар мен ұстаздардың үмітін ақтауға тілегін жеткізді. Оған қоса, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының жеткен жетістіктері туралы баяндады.

Сондай-ақ, ұлағатты ұстазы мен тәрбиелі оқушылары бар мектепте жыл үздіктерін марапаттау рәсіміне кезек берілді. І санатты математика пәні мұғалімі Шолпан Рахметова «Жыл мұғалімі», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Маншук Айткужина «Жыл сынып жетекшісі», ұстаздары мен оқушылары республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері атанған орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің бірлестік жетекшісі Ботагөз Дауталиева «Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі», 10 «а» сыныбының үздік оқушысы Нұрай Ізбасарова «Жыл оқушысы» атағымен марапатталды. Жыл қорытындысы бойынша мектеп мақтаныштары – үздік шәкірттерге мақтау қағаздары табысталды. 

Салтанатты шара көңілді шаттыққа бөлер әсем әндер мен билерге ұласып, мектеп түлектері аудан әкімімен естелік суретке түсті.

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521