Біз үшін отбасылық мереке

Бүгінгі мемлекеттік қызметтің 20 жылдығы біз үшін жұмыстағы кәсіби  ғана емес, отбасылық та үлкен мереке деп білемін.

Сондықтан да біріміз Елтай округі әкімі аппаратының  және аудандық жер қатынастары бөлімінің бас мамандары ретінде баршаңызды да мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Қашанда қиындығы мен қызығы қатар жүретін біздің мемлекеттік қызмет саласына жүктелген жауапкершілік пен сенімнің жүгі орасан зор.

Сондықтан да жолдасым Алмат Махметов-Алматыдан, мен Оралдағы тиісті жоғары оқу орындарынан алған мамандықтарымызға сай біліктілікпен еңбек етуге ұмтылып келеміз. Оған бізді қолдаушыларымызбен бірге біліміміз де, іскерлік дәрежеміз де жетеді деген сенімдемін.

Алмат еңбек ететін Елтай округі ауданда өткен жылы үздік танылып, арнайы марапатқа ие болса, менің қызмет орным-жер қатынастары бөлімінде де жаңалықтар, жетістіктер аз емес.

Сондықтан да жас мамандар ретінде біз бұрынғы аға буын салып кеткен мол тәжірибе мен қызмет дағдысын жіті меңгере отырып, алдағы уақытта да тың жетістіктерге жете беруге жұмыстана беретін боламыз.

 

Ардақ ҮСЕНҚЫЗЫ,

аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521