Алтайдың ақиығына арналды

Мектебімізде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне және күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл толуына орай «Оралымды ой иесі – Оралхан» тақырыбымен 8 сынып оқушылары арасында конференция өтті.

Алдымен мектеп кітапханашысы Гүлжан Амангелдіқызы жазушының шығармаларымен толыққан «Алтайдың ақиығы» кітап көрмесімен таныстырды. Ал жас мұғалімдер Гүлсезім Ғарифуллина мен Ұлжан Тілеубаева ақынжанды жазушы туралы естеліктерге тоқталды. Кейін мектеп оқушылары Ләззат Жамбылқызы «Күлпәштің ұршығы», Гүлфарида Серікова «Құлашаның шоты еді», Нұрай Зинелова «Құмар қол бұлғапты» шығармаларынан үзінді оқып, олардың мәнері мен мазмұнына мән берген көрермендер өз ойларымен бөлісті.

Шарада оқушылар драматург-жазушы туралы көптеген мағлұматтар алып, өздеріне рухани азық жинады.

 Ардақ ҚАЙЫРЛИЕВА,

Махамбет атындағы орта мектебінің мұғалімі.

Жарсуат ауылы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521