Қайтарымсыз грант, жастарға үлкен мүмкіндік

Таяуда жастар орталығында «Zhas Projeсt» жастар корпусын дамыту жобасының ауданымызда іске асырылуы туралы ақпараттық-кездесу өтті. Үйлестіру агенттігі жетекшісінің орынбасары Алена Баянбекова жастарға жобаны таныстырып, үлкен мотивация берді. Ал өз кезегінде мониторинг және бағалау бойынша маманның ассистенті Сұлушаш Қазтаева да жаңа жоба туралы айтты.

Жалпы жоба 14-29 жас аралығындағы (мектеп оқушылары қатыса алмайды) өзіндік ой-арманы, жоғары мақсаты бар қыз-жігіттерді қамтиды. Осы жоба арқылы грант алғысы келген қатысушылар алдымен топ құрып, құрамында 3-5 жас қамту керек және тұрғылықты мекен жайы бір өңірден болуы тиіс. Оның ішінде қоғамнан өз орнын табуда қиналып жүрген, жұмыссыз немесе еңбек етсе де, табысы төмен жастарға басымдық беріледі. Барлық өтінімдер үш кезеңді іріктеуден тұрады.

Үздік деп танылған жобалар 1 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грантқа ие бола алады. Сондай-ақ жобасы жеңімпаз атанған топ құрамындағы мүшелерге 6 ай бойы оқу кезеңінде жоғары оқу орнының түлектеріне – 60 000 теңге, қалған барлық қатысушыларға 40 000 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі. Жастар 6 ай бойынан халыққа тегін әлеуметтік пайдасын тигізу қажет немесе өнімін ұсыну керек.

Аталған жобаға қатысу үшін ұсыныстарды 15 наурыздан басталады және толық мәліметті Zhasproject.kz сайтынан білуге болады. Бұл жоба екі қолға бір күрек таппай жүрген жастар үшін керемет мүмкіндік.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521