37-і оқушы облыста бақ сынайды

Мектеп оқушыларының арасындағы жалпы білім беретін пәндері бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп базасында өтті.

Бұл білім додасына аудан мектептерінен барлығы 420 оқушы қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. Бұл олимпиаданың мақсаты – дарынды және талантты оқушыларды анықтап, танымдық қызығушылықтарын дамыту. Екі күнге созылған олимпиада жұмысын арнайы құрылған комиссия мүшелері мұқият қарап, оқушылардың алған ұпайына қарай орындар берілді. Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Шәрбану Сабированың айтуынша он үш негізгі пәндер бойынша 194 оқушы жүлдегерлер қатарынан көрініп, олардың 49-ы бірінші орынға қол жеткізіпті. Ал олардың ішінде 8 сыныптың – 12-і оқушысы облыстық кезеңге қатыспайтынын ескерсек, 37-і үздік деп танылған оқушылар алдағы олимпиаданың үшінші кезеңіне қатысады екен.

Міне, олимпиаданың жеңімпазы атанған оқушыларға жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде сәттілік және жеңіс тілейміз. Комиссия төрағасы Қайсар Жарылғағанның айтуынша, дода нәтижесі бойынша оқушылардан арыз түспеген. Екі кезең нәтижесінде барлығы 44 оқушы І орын алып, республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңіне 33 оқушы жолдама алды. 2016 жылдың 8-9 желтоқсанында Бейнеу орта мектебінде 2016-2017 оқу жылындағы жалпы білім беретін 13 пән бойынша республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық олимпиадаға ауданның 23 мектебінен жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша 458 оқушы қатысты. Олимпиаданың І және ІІ туры өз деңгейінде өткізілді. Нәтижесінде облыстық кезеңге І және ІІ орын алған жеңімпаз 65 оқушы жолдама алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521