Ұзынсары

Ертеңін ойламай, бәрін бір күнмен өлшейтін бейғамдарды ұялтып, сақтандыратын даланың аңызы «ұзынсарыны» да қазақ ауылдары осы наурыз күндері аса сақтықпен күткен-мыс.

Өткен жылы жайлаудан күзеуге көшіп, арық-тұрақтан да ерте құтылып, соғым малын әбден семіртіп, сойып, одан қыстаққа үлкен дайындықпен түссе де арадағы уақытта оның біразы еңсеріліп қалары шындық. Ауласында жем-шөбі азайғанымен қоймай қазан асы, соғымының да соңы көрініп, табандап жатып алған қардың еритін түрі көрінбей «Тарта жесең тай қалар, тартпай жесең не қалар» деп үнемге көшетін сәт туады.

Шаруа баққан отағасы ғана емес, қазан-ошақ басындағы қыз-келіншектерге дейін ұғынатын нағыз «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» жауапты шағы осы «ұзынсарыны» күткен тұс. Ол туралы да аңыз-әңгімелер ел арасында аз қалмаған. Ондағы басты түйін, пәлсапа ұқыптылық, мұқияттылыққа шақыру.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521