Жылы сөздер мектепке жылу бола ма?

Қақаған қыстың ортасы - ала жаздайғы қызу дайындықтың нағыз сыналар шағы.

«Үйіңнің жылы-суығын қыс түскенде білерсің» дегендей, осындай боран соғып, мұз қатқан қытымыр шақта халыққа қызмет етер әлеуметтік нысандардың жағдайы нешік? Аудан әкімі Серік Арыстан бастаған, құрамында облыстық мәслихат депутаты, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Индер бөлімшесінің басшысы Сағидолла Құлғалиев және бір топ сала басшыларымен бірігіп Индербор кентінің қысқы кезеңдегі жылу беру нысандарын аралап, жай-күйлерімен танысып, осы сауалдың жауабын іздеп қайттық.

Биыл ауданның қысқы дайындық жұмыстарына бөлінген 34 829 765 теңге қаражат тиісті мақсатына игеріліп, жылу барлық әлеуметтік нысандарға қазан айынан бастап берілген болатын.

Дегенмен кенттегі Д.Қонаев, Б.Майдыров, Тайсойған, Махамбет көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту қай кезеңде де күрделі саналған. Абырой болғанда бұл іске осы бағытта «Таңат» ПИК құру ұйымдастырылып, жұмысы мүмкіндігінше жолға қойылған болатын. - Жылудың температурасын 80 градуспен тұрақты беріп отырмыз. Жылу көпқабатты үйлердің жүйелерінен айналып келгенде 50 градуспен тиісті көрсеткішінде келіп отыр. Жалпы жылу беру қалыпты жүруде, - деген «Таңат» ПИК төрағасы Бейбіт Ильясов жалпы жағдаймен таныстырды. Дегенмен 129 пәтерліктің жылу қазандығының маңында тұрғындар арасынан Р.Жұлқашева 5-қатарда тұратын көршісінің вахталық жұмыста болып дер кезінде жылу батареясынан ауа алынбай қиындық көріп қалатындығына және төмендегі көршісі жылудың құбырын ауыстыруға келіспей басқаларына кедергі болып отырғанына шағымданды.

Толығырақ «Дендер» газеттің 3 қаңтар күнгі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521