Жыл үздіктері марапатталды (ФОТО)

Бүгін аудандық жаңа мәдениет үйінде «Жыл үздіктерін» марапаттау шарасы өтті.

Алдымен аудан әкімі жұртшылықты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, жыл қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, өзгелерден іскерлігімен дараланған тұлғаларды марапаттады.

Атап өтсек, «Үздік ауылдық округ» – Бөдене ауылдық округі, «Үздік білім саласының қызметкері» – Ш.Уәлиханов атындағы о/м мұғалімі Жанар Сидеғалиева, «Денсаулық саласының үздігі» – Асланбек Ермұханов, «Қаржы саласының үздігі» – Тоқжан Идрисова, «Мәдениет саласының үздігі» –Мұратбек Жұмашев, «Үздік әлеуметтік сала қызметкері» – Айнагүл Жөкен, «Үздік спортшы» – Темірболат Ташекенов, «Үздік полиция қызметкері» – Айбар Сейфуллин, «Үздік тәрбиеші» – Қалампыр Нұғманова, «Үздік коммуналдық сала қызметкері» – Рашид Испусинов, «Ауыл шаруашылығының үздігі» – Қайрат Құлбасов, «Үздік кәсіпкер» – Саламат Қосмағамбетова, ал ауданымыздың дамуына үлес қосқаны және түрлі мәдени-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін бөлім басшылары мен қызметкерлері марапатталды.

Толығырақ газеттің 27 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521