Журналист Бақыт Балғарина редакцияда болды

Жерлесіміз, Қазақстанның рухани және зияткерлік әлеуетін өркендетуге қомақты үлес қосқан тарих ғылымдарының докторы, Көшім Есмағамбетовтың туған қарындасы «Егемен Қазақстан» газетінің ардагер журналисі Бақыт Есмағамбетқызы туған жеріне келген сапарында аудандық «Дендер» газетіндегі әріптестерінің арасында болып, наурызбен құттықтап, игі тілектерін арнады.

Туған жердегі әсерлерімен бөлісіп, тәжірибелері, қызықты оқиғалар туралы сөз қозғады. Бала кезінен Махамбет жырларын жаттап, рухына бас иген ағасы Көшімнің еңбегін насихаттау, оның Алаш асылы Мұстафа Шоқайдың 12 томын жинап, жариялаған табындылығы туралы сыр тиегін ағытты.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521