Жоспар жөнсіз болса, іс өніксіз

Жастар жылының алғашқы екі айы өтті. Не тындыра бастадық, аяқалысымыз қалай? Жоспарымыз жөнді ме? Міне, осы мәселелер жақында аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесте қаралып, сынға ұшырады.

Алдымен аудандық жастар орталығының директоры Аслан Кенжеғалиев орталықтың 2019 жылға арналған жұмыс жоспары жөнінде баяндама жасады. Жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, интеллектуалды белсенділікті арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қайырымдылық көрсету, ардагерлерге құрмет көрсету, ұлттық және отбасы құндылықтарын насихаттау, әдебиет пен өнерге баулу, қоршаған ортаны қорғау сынды өзге де мақсаттарға құрылған жобаны баян етті. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Дегенмен кеңес отырысы қос баяндаманы да құптамады. Аудан әкімі Мейірім Қалауи: - Жастар жылы баршаға ортақ іс. Екі ай өтті барлық құрылымдар арасында байланыстың жоқтығы байқалады. Тек қана орталықта емес, ауылдарда не істелмек, ондағы әр салада жүрген мамандарды түгел қамту жайы қалай болмақ? Қаржысыз да біраз шаруа тындыруға болады. Сондықтан да мына баяндама қанағаттанарлықсыз,- деп жоспарды қайта жасақтауды тапсырды.

Кеңес отырысында Елтай ауылдық округінің әкімі Е.Дүйшім, «Жас өркен» лагерінде электрик пен дәрігердің тұрақты болуын, балалар ауылға саяхатқа келуі үшін автобустың қажеттігін көтерді. Ал Ә.Кекілбай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Халидуллина орталықтың ауыл жастарымен байланыстың тығыз болуы қажеттігін, әсіресе, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындарды ортаға тартып, мәдениет үйі жанынан үйірмелер ашылса деген ойымен бөлісті.

Толығырақ газетіміздің 7 наурыздағы №10 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521