«Жолда қабылдау» жалғасуда

Ауданда республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.

Индер аудандық полицияның әкімшілік бөлімшесінің ұйымдастырып отырған екі күндік шарасы бүгін сағат 09:00-ден басталып, кешкі сағат 18:00-ге дейін және ертең де осы мерзімде жалғасын таппақ. Акция барысында аудан тұрғындары жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, төлқұжат алу, көлікті қайта жабдықтау және әкімшілік айыппұлдарды тексеру, төлеу сынды мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша құқықтық кеңес ала алады.

Түске дейінгі Жастар орталығының маңында өткен шарада тұрғындар, әсіресе жас жүргізушілер тарапынан көлікті қатты айдайтыны, елді мекен ішінде алыс қашықтықтағы фарымен жүріп, көз шағылыстыратыны, таксилер клиент көрсе болды кез келген жерге тоқтай кетіп, қауіп туғызатыны сынды ұсыныстарын айтып жатты. - Бүгінгі шарамызда негізінен автокөлік қозғалысына қатысты сауалдар көптеп түсуде. Тұрғындардың ұсыныстарын сараптап, оңтайлы шешілуіне ықпал етуге жұмыстанамыз.

Шарамызды түстен кейін Д.Қонаев көшесіндегі көп қатарлы үйлердің алдында өткізудеміз. Ертең де тұрғындар көп шоғырланған жерлерге өткізуді жоспарлап отырмыз. Акцияға әрбір тұрғын қатысып толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірулеріне болады, -деді Индер аудандық полиция бөлімінің жол және техника инспекторы Алмас Жұмабай.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521