Жол - табыс көзіне айналды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Үндеуі еліміздің тарихындағы, демократиялық таңдауы жолындағы тың қадам, игі бастама деп қабылдадым.

Жалпы Н.Ә.Назарбаевтай басшының Тәуелсіздіктің таңы атар тұста тарих аренасына шығуы біздің халқымыздың бағына бұйырған нәсібеміз десе де болады. Оны біз ғана емес, барша әлем халқы үнемі айтып жүреді.

Қазақстан дамуындағы ілгері басқан шаруаның бірі ежелгі Жібек жолының қайта жанданып, үлкен транзиттік жүйенің қалыптасуы, жолдардың жақсарып, табыс көзіне айналуы, байланыстың жоғары сатыға көтерілуінен көруге болады.

Бұрындағы, басқаны айтпағанда, балшыққа батқан, бүгінде танымастай өзгерген Атырау мен орталығымыз Астананың көркеюінің өзі неге тұрады. Оған тек мақтанатын, өзгерлерге көрсетіп шаттанатын дәрежеге жеттік. Бүгінде ауылға бетбұрыс жасалып, мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетілуі жолға қойылды.

Осының бәрі Қазақ елінің келешегін көркем ете түсу жолындағы азаматтың, туған перзентінің елі үшін еткен еңбегі деп бағалаймын. Тек азаматқа амандық тілеймін.

Тасқали ТЕМІРБОЛАТОВ,

ауданның Құрметті азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521