Жерлестеріміз 50 мың теңгені қанжығаға байлады

Жақында дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық салт-дәстүріміз бен рухани құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Атырау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Дін келісім – тұрақтылықтың кепілі» атты театрландырылған қойылым байқауы өтті.

Оған Жылыой, Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Махамбет, Мақат, Индер ауданының жастарынан құралған топтар қатысып, дәстүрлі емес дінде болып, оның қиындықтарынан жапа шеккен, өз өкінішін білдіріп, дәстүрлі дінімізге қайту туралы қойылымдар көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Байқау нәтижесінде жерлестерімізден құрылған «Жастар» тобы (Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп ұжымы) ІІ орынға ие болып, арнайы 50 000 теңгенің сертификатын еншіледі.

Д.АЙБАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521