Жеңімпаз – бөденелік жастар

Жақында аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен аудандық өнер мектебінде «Білім-Ринг» интеллектуалды сайысы өтті.

 

Жобаның мақсаты – жастардың білім деңгейін жоғарылатып, ой-өрісін дамытып, интеллектуалды ортаны қалыптастыруға атсалысу.

 

Сайысқа Ш.Уәлиханов, М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушылары, көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері, Бөдене ауылының жастары, АБК жастары (аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобилдер жолдары бөлiмiнің қызметкерлері) және жастар командалары қатысып бақтарын сынады. Жеребе тарату рәсімімен басталған білім додасына қатысқан 6 команда кезек-кезегімен кездесіп шығып, қызықты та тартысты ойын көрсетті. Ал ақтық сынға шыққан үш команда да өздерінің осал еместіктерін тағы бір қырынан байқатып, жеңіске жетуді көздеді. Нәтижесінде Бөдене ауылының жастары бірінші орынға ие болып, арнайы кубокті еншілесе, АБК мен колледж жастары кейінгі орындарды қанжығаларына байлады. Жалпы ойынға қатысушы командаларға Алғыс хаттар табыс етілді.

 

Өз тілшіміз.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521