«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Аудан жастарын еңбекпен қамтып, студент пен оқушылардың үш айлық демалысын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін «Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмыстарын табысты жалғастыруда.

Олар маусым айының алғашқы күнінен бастап ауданның көркеюіне атсалысып, жасыл желектерді баптап, ағаштар мен көше бойындағы алаңдарды арам шөптерден тазартып келеді. Сонымен қатар аудандық деңгейдегі қоғамдық мәдени іс-шараларға қатысады. Айта кеткен жөн, жас жұмысшыларға алғашқы күні еңбек шарты мен жұмыс тәртібі түсіндіріліп, еңбек формасы тапсырылды. Қазіргі таңда «Жасыл ел» штабында аудан бойынша 165 белсенді жас тіркелсе, оның 55 бірінші маусымды бастап кетті. Олар салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде 48 мың теңге жалақы алатын болады.

Г.ҚАНАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521