Жастар шапшаңдық танытып, жүлделі болды

Жақында облыстық Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының» тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының мұрындық болуымен «Ғибрат» атты облыстық интеллектуалдық сайыс өтті.

Оған Атырау қаласы, Құрманғазы, Индер, Мақат, Махамбет, Қызылқоға, Исатай аудандарынан құралған жастар қатысып, өз білімдерін сарапқа салды.

Халқымыздың ғасырлардан-ғасырларға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу, рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу мақсатындағы байқау 4 кезең құралды. Оған аудандық байқауда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған «Кәусар» тобы құрамында Рафхат Жұмабай, Аслан Кенжеғалиев, Дәулетжан Байбақты қатысып, жүлделі екінші орын мен 80 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Аудан намысын қорғап, жеңіске жеткен жігіттерге жеңісті күндері болсын деген тілек бізден.

Д.АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521