Жастар үлесін қосады

Аудандық «Дендер» газетінде жарияланған аудан әкімі Мейірім Қалауидың «Әрбір үй 15 түп көшет ексе, ауданымыз жасыл аймаққа айналар еді» деген мақаласында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа тартылған жастардың негізгі мақсаты да осындай әлеуметтік маңызы жоғары міндетті асқан тиянақтылықпен, мұқият жауапкершілікпен жүзеге асыру екенін дұрыс түсінген жөн» деп біздер, жастарға сөз арнаған екен.

Оған біз алдымен жоғары саналы ұйымшылдық, іскер қабілеттеріміз арқылы жауап беруіміз керек деген ойдамын. Аталған мақалада «Елбасының бастамасымен жарияланған «Жастар жылы» аясында ауданды жасыл желекпен көмкеру ісіне атсалысудан жігерлі жастар да тыс қалмайды деп ойлаймын. Бойдағы қайрат пен күш-жалынды туған жерді көркейту бағытындағы маңызды іс-қимылдарға жұмсауға шақырамын» деген сөзімен өзім басқаратын ұжым мүшелері жіті танысып, бүгінде осы бағыттағы міндеттерімізді нақтылап, іске кірісіп отырғанымызды айтқым келеді.

Өткен жылы «Жасыл ел» бағдарламасына сай 210 жас еңбек етсе, бұл көрсеткіш биыл да кемімейді деген үміттемін. Бүгінде біз әр ауылда қанша адам осы жасақтарға тартылады, олар қанша тал көшеттерін отырғызып, күтіп-баптайды деген жоспарлы жұмыстар қолға алынды. Енді тек сөзге іспен жауап беру керек болып отыр. Жастарды осы тазалық пен көгалдандыру қозғалысына үлес қосуға шақырамын.

Аслан КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521