Жас өнерпаздардардың жүлдесі

Астана қаласында өткізілген дәстүрлі «Ақ көгершін» ХІІІ халықаралық байқауынан ауданымыздағы жаңа мәдениет үйінің жанынан құрылған вокал үйірмесі оқушылары жүлделі оралды.

Республиканың жүйріктері ғана емес, алыс-жақын шетелдерден келген дарындылар жиналған байқаудан І орынды Дана Сәбитқызы, ІII орынды Алтынай Құбай, ІІІ дәрежелі «Лауреат» атағын Жұлдыз-ай Есалы жеңіп алды. Мәдениет үйінің жанынан құрылған вокал үйірмесінің жетекшісі Рза Нұрмағамбетова:

- Бұл біздің мұндай дәрежелі сайысқа алғаш рет келуіміз. Қарсыластар өте мықты болды, жүлделі орындарды хабарлау сәті ұзақ болғандықтан балаларымыз орын алмаймыз деп абыржыды, алайда соңында бізді атағанда қунышымызда шек болмады. Бұл - біздің ұжымның жетістігі.

Аудан мәдениетінің өркендетуге еңбек сіңіріп жүрген Рза Нұрмағамбетованың тәрбиелеген шәкірттері бұдан бұрын да әртүрлі өнер сайыстарын да бәйге алып, ауданымыздың мерейін асқақтатты. Жүлделі оралған жас өнерпаздарымыздың талабы таудай болсын демекпіз.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521