Вы здесь: HomeАудан тынысыЖанар Байсемізова бақытты болудың жолдарын үйретеді

Жанар Байсемізова бақытты болудың жолдарын үйретеді

Белгілі тележурналист, “Шетелдегі қазақ балалары” жобасының авторы – Жанар Байсемізова Колесникова соңғы кезде әйелдер арасында түрлі мотивациялық тренингтер мен семинарлар ұйымдастырып, өзін жаңа қырынан танытып жүргені белгілі. 

Осыған дейін еліміздің батыс өңіріндегі қалаларында дәрістерін табысты өткізіп, тыңдаушыларының оң бағасын алған Жанар ханым келесі бағдарламасында қатысушыларға үлкен тосынсый дайындап отырған көрінеді. “Ештеңеге қарамастан бақытты бол!” деп аталатын авторлық тренингінде ол мынадай мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталмақшы:

• Рухани практика – байлықтың бастауы.
• Қабылдау. Мойынсұну.
• Ішкі монологты қалай тоқтатамыз немесе миды бағындыру мүмкін бе?
• Күн тәртібі.
• Әйелдерге арналған тайм-менеджмент.
• Чакра туралы түсінік.
• 12 минут құпиясы.
• Құрметтеу – тағдырға ықпал ете ме?
• Бала табысты болуы үшін нені білуі керек?
• Карманы жақсарту жолдары.
• Көре алмаушылардың қулығына сабырлық таныт.
• Мақсатқа жетудегі жолдар.
• Алғыс сиқыры.
• Періштелермен сөйлесу.
• Медитация.

 

Сондай-ақ, тренинг барысында коуч-консультант Любовь Лиден «Телесно-двигательная терапия», “Как жить в потоке?”, “Как жить легко?”, “Где взять энергию?” тақырыптарында ой қозғайды.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru