Жалғызымнан көңілім қалды

"Жүрегі ауырған журналистке келеді" демекші, таңертең ертемен редакцияға жолы түскен әжейдің жүзі жабырқаулы көрінді. Терең ойға батып, сергелдең күйге түскен әжейге сәлем беріп, орындық ұсындым. «Жалғыз балама әбден көңілім қалып, күйінгеннен редакцияға келіп отырмын», - деп бастады әңгімесін әже.

-Төркінім Ақтөбе жақтан еді. Алматыда оқу орнын тамамдап, өзім секілді дипломмен елге қайтқалы жүрген Жайық өңірінің жігітімен көңіл жарастырдық. Сонда төркінім мен қатар құрбыларым, «Ақтөбе мен Алматыны қойып, балшығы батпандай, масасы сонадай Атырауды таңдағаның қалай?» деп таңданыс білдірген.

Қайын жұртымда екі енемнің де ризашылығына бөлендім. Кіші енем ауру-сырқаулы болса, үлкен енем ғасыр жасаса да санасы мығым, шежіреге бай әрі мәтөк әжей болатын. Шұбаттан басқа шай ішіп жарытпайтын. Қыстағы қат кезде де енеме шұбат тауып әкелетінмін. Бірінде ол түнде оянып дауыстап қасына шақырды. «Анаң алтын екен, саған ризамын», деп, үстіндегі киімі мен иіс суын қадағалады. Ет жақындарын сұрастырып, сандықтағы өзі жиған кебінін, маталардың жай-жапсарын айта келе, «100 жасадым, бірақ ешкім 200 жасамаған. Ал енді көпшігімді арқама қоя қой» деп қоштасып, көзімше дүние салды.

Толығырақ «Дендер» газетінің 18 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521