Жаңа жол салынады

Аудан  бойынша барлығы 364,9 шақырым автокөлік жолы бар. Оның  82 шақырымы республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолы болса, 63 шақырымы облыстық дәрежедегі Атырау-Индер жолы. 

Қалған  219,9 шақырым автокөлік жолы аудандық дәрежедегі жолдар.  Оның 58,07 шақырымы  асфальтталған. 

Бүгінде ауданда Аққала ауылында 1,6 шақырым, Ынтымақ ауылына 5,3 шақырым автокөлік жолының құрылысы  жалғасып жатқандықтан бұл  көрсеткіштің саны алдағы уақытта көбейе түсері анық. Сонымен қатар салалық бөлімның басшысы Абзал Рамазановтың айтуынша, келесі жылы Индербормен қатар Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай ауылдарына және «Жас Өркен» демалыс лагеріне автокөлік жолдарын салудың тиісті  құжаттары сараптамадан өтіп отыр. Енді сәтін салып қаржысы шешілсе бұл жұмыстар келесі жылы атқарылмақ.

Облыс орталығымен арадағы  негізгі күретамыр  жолды күтіп-ұстау жұмыстарын  «Аслим» серіктестігі  атқаруда.

С.БАЗАРБАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521