Жаңа кеңсе ғимараты ашылды

Есбол ауылында аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің сәулетті кеңсе ғимаратының салтанатты жағдайда ашылуы өтті.

«Декор» ЖШС (директоры П.Асқаров) тұрғызған ғимарат алдына керілген лентаны сала ардагері Ниғметолла Хайруллин, басқарма басшысы мен аудан әкімі Серік Арыстан қиған соң жып-жылы әрі сәулетті кеңсені орманшылар аралап көріп, сыйлықтарын ұсынып, ақ дәм татып, риза болысты. Жаңа кеңсе ғимараты дәлізіне Индер орманшылығының тарихы мен ардагерлері, үздіктері туралы жазылған көрнекіліктерге де көз тіккендер аз болмады.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521