ЖҰМЫСТАН АЙРЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

Егерде сіз, жұмыссыз қалсаңыз, бұл төлемнің түрін алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін иеленесіз.

Қордан төленетiн төлемнің бұл түрі халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркелу үшiн өтiнiш жасаған күннен бастап туындайды. Сондай-ақ, жұмыссыз тұлға жұмыссыздық есебінде тіркеуде тұрып, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары: әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға жіберген немесе жағдайда әлеуметтік төлемдер тоқтатылмайды.

Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем кейіннен өтініш жасалған кезде, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін, бұрын алып келген әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен он екі айдың шегерілетіні негізге алына отырып, тағайындалады. Жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алу үшін негізінен соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген болуы қажет. Төлем түрін алудың мерзімі бір айдан төрт айға дейін. Ал, ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша штат санының қысқартылуына, заңды тұлға таратылуына, қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмысынан айырылған адам үшін алты айға тағайындалады.

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтiк ау¬дарымдар объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсті табысты ауыстыру коэффициенттерi мен қатысу өтілінің коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.

А.ШАТЕНОВА,

Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521