Заңсыз жүрген шетелдіктер жауапкершілікке тартылды

Заңсыз көші-қонмен қарсы күрес, елімізде шетел азаматтарының болуын бақылау, заңсыз көші-қон арналары мен ұйымдастырушыларының жолын кесу, көші-қон саласы бойынша қылмыстарды анықтау мақсатында аудан көлемінде таяуда «Мигрант» жедел-профилактикалық іс шарасы өтті.

Шара кезінде аудан көлемінде орналасқан барлық ірі құрылыс нысандары, шетелдіктердің уақытша тіркелген тұрғылықты мекен жайлары, соның ішінде тіркелуден бой тасалап жүрген шетел азаматтары ҚР-да шетел азаматының болу ережелерінің сақталуы тексеріліп, көші-қон қызмет тобымен көші-қон саласы бойынша барлығы 15 құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБК-нің 517 бабының 2 бөлігімен-3 шетелдікке, 517 бабының 5 бөлігімен-8 шетелдікке, 517 бабының 7 бөлігімен-1 шетелдікке, Қазақстан Республикасына жеке шақыртуымен келген шетелдіктерге тұрғын үйжай беріп, уақытылы полиция бөліміне тіркелуін қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының 2 азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабының 1 бөлігімен және Қазақстан Республикасының 1 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабының 2 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған барлық шетел азаматтарына әкімшілік хаттама толтырылып, және 1 шетел азаматы Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.

Г.Таздарбаева,

Индер АПБ-нің КҚҚТ-ның аға иснпекторы полиция аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521