Қызмет сапасы – ұқыптылық пен тиімділікте

Ел дамуының нақты көзі мен жаһандық экономикаға кірігудің басты қағидасы-сапалы еңбек пен тиімді ақша-қаражат саясатын жүргізу Елбасы Жолдауында нақты көрсетілген міндеттердің бірі.

Осы міндеттер Теңге күні қарсаңында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Әмірғалиқызы Қонасовамен кездескендегі басты сөз өзегіне айналды.

-Ақша-қаражат пен оны тиімді жұмсау мәселесі Жолдауда басты міндеттің бірі ретінде әлденеше рет қайталанған екен. Мұны сала маманы ретінде қалай түсінесіз.

-Алдымен кәсіптік мереке қарсаңында кездесіп отырмыз ғой, ортақ қуанышымыз Теңгенің айналысқа енгеніне 25 жыл толуы құтты болсын дегім келеді. Сөзіңізге толық қосыламын, еліміздің Үшінші жаңғыруға кірісуіндегі басты міндет – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру, сол арқылы әр қазақстандықтың орнықты дамуы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету. Бүгінде 6 млрд. теңгеден асқан аудан бюджетін жоспарлау барысында біз осы қойылған талаптардың бірде-бірін назардан тыс қалдырмауымыз керек. Сондықтан да әр деңгейдегі әріптестерімнен осы жұмыстарға болашақта да асқан жауапкершілікпен қарауды сұраған болар едім.

-Бұл жаңадан енгізілген жергілікті өзін-өзі басқару Заңнамасының мүлтіксіз орындалуына да қатысты деген сөз ғой.

-Әрине. Түрлі қиындықтар мен үйрену жұмыстары қатар жүріп жатқан жергілікті өзін-өзі басқару Заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты біз жылдың басында аудан әкіміне арнайы хатпен шығып, тиісті мамандармен бірнеше жиналыстар, семинарлар өткіздік. Өйткені, тиісті Заңдарға, ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің орындалуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне» және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Сонымен қоса ауылдық,кент округі әкімдерінің түсімдер, құжаттарды шығындау және әр округ аумағында орналасқан мүлікті басқару құзыреттеріне беріп, арнайы шоттары ашылды. Сонымен бірге жыл сайын әр жылдың бірінші күніне кент, ауылдық округ бөлінісіндегі салық төлеушілер тізбесін жеке сәйкестендіру нөмірін пайдалана отырып, округ аймағына тіркелген жеке тұлғалар тізбесі бекітіледі.

-Жалпы ауданда республикалық трансферттер және жергілікті бюджет бойынша жоспарлары ұдайы нақтыланып, орындалысы қатаң бақылауда ұсталынады. Ал осы жұмыстардың үнем мен ұқыптылыққа әсері бар ма?

-Негізі қай деңгейде де бюджеттік қаржыны игеруде тиімділік алғы кезекке тұрады. Яғни әр салаға жоспарланған қаржы өз мақсатына және барынша тиімді, сапалы жұмсалуы тиіс. Мәселен, тоғыз айға жоспарланған қаржыны игеру 99,9 пайыз, ал жылға шаққанда 72 пайызды құрады. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін әлі де жоғарылатып, жоспардың сөзсіз орындалуын қамтамасыз етуге міндеттіміз.

Мұның бәрі алдымен бөлім мамандарының аудан бюджетінің шығыс жағының орындалысын мақсатты,тиімді жұмсалуын қадағалап, қаражаттардың жұмсалуына ұдайы талдаулар жасап отыруының арқасында қол жетіп отыр. Нәтижесінде «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға», тағы да басқа өзекті бағдарламаларына бөлінген қаражаттардың тиімді жұмсалуына жағдай жасалып келеді. Бүгінгі кәсіптік мерекеге орай оны да атап өтпеске болмайды. Жалпы біз мереке қарсаңында аға буын өкілдері Ш.Өтенәлиев, Ж.Жұлқаров, А.Халел, Б.Қашқынов, А.Есалиева, Ғ.Әйіп, Ж.Исимова, Б.Дәулетов, С.Биманов, Р.Мұхтарова, Н.Құсайынова, Г.Рахманова, М.Аязғалиева, С.Жалмұқашева, Ж.Жұбанышқалиева, С.Сыдықова, С.Қарабалина, тағы да басқаларының іс-тәжірибелерінен үйреніп, жолдарын жалғастырғанымызды мақтан етеміз.

Сонымен бірге бөлім қызметкерлері А.Үмітқалиева, Ш.Балманова, Г.Иманғалиева, Ш.Ахметжанова, А.Шөкелекова, А.Дюсебалиева, Н.Кәрімова, А.Халықова, Г.Сарғалиева, Б.Құспанова, А.Сансызбаева, Г.Қажмұқанова, А.Жұмағалиева, тағы да басқа әріптестерімнің белсенді жұмыстарын атап, ортақ мерекемізге орай оларды құттықтап, еңбекте тың жетістіктер, отбасылық бақ-береке тілегенді жөн көремін.

-Сұхбатыңызға рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын!

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521